
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы Лазутин, Сутюшев, Болатбаев, Зеленая және Алтын дала көшелеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын тексерді. Биыл Петропавлда 53 көшеге асфальт төсеу жоспарланса, оның 39-да бұрын-соңды асфальт болмаған.
Бұл көшелер негізінен Жұмысшы кенті, Борки және Орман ықшамауданы сынды қаламыздың шетінде орналасқан. Облыс әкімі атқарылған жұмыстардың сапасын қатаң қадағалап, жаз күндерін тиімді пайдалануды тапсырды. Жалпы, 5 жыл ішінде Петропавлдағы барлық жолдарды қиыршықтан асфальт төсендісіне ауыстыру жоспарланған.
"Сондай-ақ, қала басшылығы мен аудандар әкімдеріне қаңырап бос жатқан және қараусыз қалған ғимараттарды ретке келтіруді, меншік иелерімен қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырдым. Облыс орталығында қаланың көркін бұзатын ғимараттар болмауы керек", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.