
Қазiргi уақытта коронавирус пандемиясына қарсы күрес елдегi медицина қызметкерлерiнiң басты мiндетiне айналды.
Дәрiгерлер, медбикелер, санитарлар, фельдшерлер және жедел жәрдем жүргiзушiлерi алдыңғы шепте жұмыс iстеп жатыр. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Президенттiң атынан медицина қызметкерлерiне мемлекеттiк наградаларды табыс еттi.
«Сiздердiң қажырлы еңбек етiп жатқандарыңызға мiне, төрт айдан асты. Жақындарыңызды көрмей, тынымсыз еңбек етiп жатырсыздар. Сiздер бiздiң өмiрiмiздi сақтап қалу жолында еселi еңбек етiп жатырсыздар. Барлық ел назары сiздерде», — дедi Құмар Ақсақалов.