СҚО-да жасанды дем беру аппараттарын алу үшін 400 млн.тг бөлінді

СҚО-да жасанды дем беру аппараттарын алу үшін 400 млн.тг бөлінді

Солтүстiк Қазақстан облысында 1446 коронавирус жұқтыру фактiсi тiркелген. Ауру белгiлерi байқалмайтын 545 адам анықталды. Бұл жайында өңiрлiк коммуникациялар орталығының алаңында өткен брифингте мәлiм еттi.

Провизорлы стационарларда керуеттер саны 100 ден 905 ке дейiн өстi.

Оған қоса, жаңа қондырғы алынды. Өткен аптада 25 портативтi өкпеге жасанды дем беру құрылғысы алынды. Денсаулық сақтау министрлiгiмен 38 жасанды дем беру құрылғысын жеткiзу туралы жұмыс жасалуда.

Жергiлiктi бюджеттен 150 млн. теңгеге 5 заманауи жасанды дем беру құрылғысы алынған болатын. Өткен аптада тағы 20 аппарат алу үшiн 400 млн. тг бөлiндi. Оларды шiлденiң соңына дейiн жеткiзу көзделген.