СҚО әкімі әскерилерді Отан қорғаушы күнімен құттықтады

СҚО әкімі әскерилерді Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Бүгін облыс жұртшылығы Қарасай мен Ағынтай батырларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Шараға СҚО әкімі Ғауез Нүрмұхамбетов де қатысты. 

"Біздің тарихымызда батырларымыз намыс пен батылдықтың үлгісі болды. Қазіргі таңда антына адал, сертіне берік әскерилер елімізді қорғап жүр", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. 

Биылғы су тасқынымен күресте әскери азаматтар аянбай еңбек етуде. Мереке күні де әскерилер облыста қалпына келтіру жұмыстарына қатысып жатыр. Бүгін Ғауез Нүрмұхамбетов Тепличное ауылында үйлерді қалпына келтіруге ат салысып жатқан әскерилерді Отан қорғаушы күнімен құттықтап барды. 

"Олардың кәсібилігі мен қайсарлығының арқасында қаншама адамдардың өмірін сақтап қалдық. Атаулы күні баршаңызға береке, молшылық пен бақыт тілеймін.   Еліміздің тыныштығы бұзылмасын, әрқашан бейбітшілік пен бірлік болсын", - деді облыс әкімі.