СҚО әкімі Тайынша ауданында тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді

СҚО әкімі Тайынша ауданында тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданының орталығы, Теңдік, Донецкое және Летовочное ауылдарындағы тасқынмен күреске арналған жұмыстарды тексерді. Қазір бұл ауданда жағдай күрделі. Қар көлемі әлі де көп және тез еруде.

Үлкен сумен күрес үшін қаптар мен инертті материалдар дайындалып, нығайту жұмыстары жүргізілуде. Өңір басшысы құтқарушылар мен еріктілермен кездесіп, жауапты кезеңде ауыр еңбек үшін алғысын білдірді.

"Адамдардың қауіпсіздігі мен олардың мүліктерін сақтау - барлық жауапты мемлекеттік органдардың басты міндеті", - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде