Өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды!

Өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды!

Өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды.

Жоба а.ж. 1 наурызда іске қосылған сәттен бастап оның ресми сайтында onir.pkrezerv.gov.kz Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 218 адам тіркелді, оның ішінде құжаттардың толық пакетін ұсынған 167 қатысушы заңнаманы білуге тестілеуге жіберілді.

Іріктеу 5 кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, заңнаманы білуге тестілеу және жеке қасиеттерді бағалау, құзыреттерді бағалау, құрылымдық сұхбат, Өңірлік кадр комиссиясының отырысы.

Келесі кезең Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының және оның филиалдарында 5-14 сәуір аралығында офлайн форматта өтеді. Ол екі блоктан тұрады: «заңнаманы білуге тестілеу» (5-9 сәуір аралығында), «жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу» (13-14 сәуір).

Өңірлік кадрлық резерв - әр өңірде талантты жастар арасынан жаңа ойлау көшбасшылары - жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған жоба.

Толық ақпарат алу үшін үміткерлер мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментіне келесі байланыс нөмірлері бойынша жүгіне алады: 46-58-08, 87071571421