Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Жиында орман пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары туралы, СҚО Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы және облыстағы құрылыс саласындағы проблемалық объектілері мониторингінің нәтижелері туралы мәселелер қаралды.

Құқық бұзушылықты алдын-алуға мәселелеріне арналған ведомствоаралық комиссиясының отырысы да өтті. Кеңесте 2023 жылы қылмыс жасаудың жай-күйі туралы және қаржы пирамидасына және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар талқыланды.