Премьер-Министр Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды

Премьер-Министр Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Үкімет басшысы өңірдегі су тасқынына қатысты ахуалмен және Петропавл мен Сергеев су торабының жағдайымен танысты.

"Қазір аймақта су басу қаупі бар 87 елді мекен ерекше бақылауда. Облыс бойынша 2 миллион текше метрден астам қар шығарылып, 4.4 мың су өткізгіш құбыр тазартылды. Жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдар, техника дайындалып, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде", - деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, Премьер-Министр «Қызылжар сүт»  сүт фермасында болды, онда ауыл шаруашылығында инвестжобалардың жүзеге асуы және көктемгі егіске дайындық туралы айтылды. 

Жұмысшы кентінде жол өткелінің құрылысымен танысып, жол инфрақұрылымын дамыту жайында баяндалды. Үкімет басшысы 2-ші жылу электр орталығында энергетика секторын жаңғырту туралы есепті тыңдады.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов машина жасау кәсіпорындарын аралап, қағаз және сүт өнімдерін, ауылшаруашылық техникасы және ламинатталған фанера шығару барысымен танысты.