
Солтүстiк Қазақстан облысында жаңа МРТ аппарат жұмыс iстей бастады. Жаңа қондырғының жұмысын өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қадағалады.
«Бүгiн облыстық ауруханада жаңа МРТ iске қосылды. Заманауи қондырғыда диагностика жүргiзу басталды. Облыстық ауруханада ендi 2 аппарат жұмыс iстейтiн болады. Жыл соңына дейiн онкодиспансерге үшiншi МРТ қойылады. Бұл кезек санын бiраз қысқартуға мүмкiндiк бермек», — деп жазды Инстаграм парақшасында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.
Соңғы жылдары облыста қондырғыларды жаңартуға қаржы көп құйылуда. 2018 жылы 636 млн.тг бөлiнсе, былтыр 2.8 млрд. тг бағытталды. Биыл 2.8 млрд. тг жұмсалмақ. Ауруханаларға заманауи томограф, ангиограф, маммограф пен УЗИ, рентген аппараттар алынуда.