СҚО әкімі су тасқынына дайындыққа қатысты қорытынды кеңес өткізді

СҚО әкімі су тасқынына дайындыққа қатысты қорытынды кеңес өткізді

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында су тасқынына дайындықты тексерді. Прибрежное ауылындағы орта мектепте орналасқан эвакуациялау пунктін аралады. Сондай-ақ, Тепличное ауылында инертті материалдарды қаптарға дайындау барысын, су сору қондырғылары мен құралдардың дайындығын бақылады.

Сондай-ақ өңір басшысы Бескөл ауылында жақын маңдағы аудандар – Қызылжар, Есіл, Мамлют, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл аудандары мен Петропавл қаласы әкімдерінің, жауапты басшылардың қатысуымен қорытынды жиын өткізді.

"Су тасқыны - өте күрделі мәселе. Қазір ауа-райының жылынуы байқалып, қар еруде. Жауапты басшыларға су тасқыны кезеңінде тәуекелдерді барынша азайту үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырдым", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.