Солтүстікте халық аулаларда Наурыз мейрамын тойлауда

Солтүстікте халық аулаларда Наурыз мейрамын тойлауда

Облысымызда Наурыз мейрамын тойлау жалғасуда. "Салт дәстүр күні" аясында бүгін мереке қаламыздағы аулаларда өтуде. Көпқабатты үйлердің тұрғындары бірігіп, ортақ дастархан жайып, концерт пен ұлттық ойындар өткізуде.

Сондай мерекенің бірі - Петропавлдағы Жамбыл, 80 үйінің ауласында өтті. Қалалықтарды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Наурыз мейрамымен құттықтап, бірлесе ұйымдастырылған мереке үшін алғысымды білдірді.

"Бұл маңызды іс, біздің халқымыздың салт-дәстүрлеріне құрметтің белгісі, Наурыз адамдарды бірлік пен достыққа үндейді", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.