
Бүгін елімізде Наурыздың бастауы - «Көрісу күні» аталып өтілуде. Атаулы күні СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында ақсақалдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, мерекемен құттықтады.
Өңір басшысы көпұлтты өңір халқын ұлттық құндылықтарды насихаттауға, бірлік пен татулықты нығайтуға қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді.
«Барша жерлестерді Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға амандық, береке мен молшылық тілеймін. Елімізде әрқашан ынтымақ пен бірлік орнасын. Келе жатқан Наурыз мейрамы жақсылық пен құт-береке әкелсін. Мереке құтты болсын!», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.