СҚО әкімі өңірдің әйелдер қауымын мерекеме құттықтады

СҚО әкімі өңірдің әйелдер қауымын мерекеме құттықтады

Халықаралық әйелдер күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандық аруларды көктем мерекесімен құттықтады.

Қазіргі таңда ананың қоғамда алар орны ерекше және оның еңбегіне баға жетпес. Сахнада СҚО әкімі көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» табыс етті.

Бүгінде әйелдер ерлермен қатар көптеген салаларда еңбек етіп, біраз мамандықтарды игерген, өз кәсібін дамытып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуде. Солтүстікқазақстандық әйелдердің белсенді өмірлік ұстанымы және тынымсыз еңбегі – облыс жетістіктерінің маңызды бөлігі.

Салтанатты жиында нәзік жандылар өңірдің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін лайықты марапаттарға ие болды. Өңір басшысы барша марапатталғандарды еңбегінің жоғары бағалануымен құттықтады.