
"Бүгін елімізде Алғыс айту күні аталып өтілуде. Аталмыш мейрамның негізгі мақсаты - тарихты сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігін нығайту. Бұл қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының танытқан қамқорлығы мен мейірімділігіне тағзым ету күні. Ұлы тарихымызға құрмет, қасиетті жерімізге ризашылықтың көрінісі. Өңір тұрғындарының экономиканы дамытып, келісім мен бірлікті нығайтуға қосып келе жатқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіремін. Барша солтүстікқазақстандықтарға баянды бақыт, молшылық пен қуаныш тілеймін. Алғыс айту күні құтты болсын!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.