
Бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі демографиялық жағдайды жақсарту және өзекті мәселелерді шешу бойынша баяндама жасап, ұсыныстарды айтты.
Атап айтқанда, келесілер ұсынылады:
✅️ СҚО-да тұрақты тұратын жанұяларға жаңа туған және бала күтімінің біржолғы жәрдемақысын және көп балалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2 есеге өсіру.
✅️еңбекпен қамтылған әрбір жұмыссызға 2 жыл бойы жұмыс берушілерге 30 АЕК субсидия төлеудің жаңа механизмін енгізу.
✅️ерікті қоныс аудару шеңберінде экономикалық ұтқырлық сертификатын 1625 АЕК-ке дейін ұлғайту.
✅️ облысішілік қоныстандыру аясында «Еңбек» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерге көшуге құқығы бар тұлғалар санатын кеңейту, оларға экономикалық ұтқырлық куәліктерін беруді қамтамасыз ету
✅️аймақтық бағдарламаны «Отбасы Банкі» арқылы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру
"Сондай-ақ облысымызды газдандырудың маңыздылығын да атап өттім. Жалпы, бұл шаралар солтүстікқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрғындардың кірісін көбейтіп, демографиялық ахуалға оң әсерін тигізеді", – деп атап өтті өңір басшысы.