СҚО басшысы Уәлиханов және Қызылжар аудандарының әкімдерін таныстырды

СҚО басшысы Уәлиханов және Қызылжар аудандарының әкімдерін таныстырды

Кішкенекөлде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, Уәлиханов ауданының әкімі лауазымына Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдуловтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл кандидатты қолдады.

Бұдан кейін аймақ басшысы Уәлиханов ауданының активіне жаңа басшыны таныстырды. Ғауез Нұрмұхамбетов Мұрат Абдуловқа өзіне сеніп тапсырылған аумақтың экономикасын одан әрі дамытып, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Кейін Бескөлде Қызылжар аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар өңір басшысы ұсынған Сақтаған Кәкімбекұлы Сәдуақасовтың кандидатурасын қолдады.

Бұдан соң жаңа әкім Қызылжар ауданының активіне таныстырылды. СҚО басшысы Сақтаған Сәдуақасовқа өңірдің инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық дамуымен қарқынды айналысуды тапсырды.