128 млрд.тг – СҚО инвестфорумының нәтижесі

128 млрд.тг – СҚО инвестфорумының нәтижесі

Бүгін Петропавлда «Qyzyljar Investment forum - 2024» халықаралық инвестициялық-құрылыс форумы өтті. Оған ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, бизнес-қауымдастықтардың, отандық және шетелдік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Бүгінде облыс экономикасының 15%-ға жуығын өнеркәсіп құрайды. Солтүстікқазақстандық кәсіпорындар мұнай-газ және энергетика өнеркәсібіне арналған өнімдерді, электротехникалық бұйымдарды, ауыл шаруашылығы техникасын шығарады.

Облыста өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 647 млрд теңгені құраса, оның 84 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өңір экономикасы дамуының локомотиві – ауыл шаруашылығының елдегі жалпы өнім үлесі 10% астам. «Еліміздің сүт белдеуін» құру арқылы Қазақстандағы әрбір екінші сүт фермасы солтүстікте салынған.

Индустриялық-аграрлық экономикаға көшу бойынша жалғасуда. Соңғы 3 жылда облысқа шетелдіктердің қатысуымен 15 жаңа кәсіпорын келді.

«Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы инвесторлар үшін қосымша ынталандыру болып табылады. Бұл еліміздегі ең жас АЭА, оның аумағында 4 кәсіпорын табысты жұмыс істеп, өз өнімдерін шығарады: «Claas» ауылшаруашылық машиналарын құрастыру жөніндегі неміс концерні, Петропавл электротехника зауыты, «Қазтехмаш» машина жасау зауыты, «Reimann» тіркемелі және монтаждалған жабдық өндірісі. Сонымен қатар, АЭА-ның тағы 16 қатысушысы 3 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орнын құра отырып, өз жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Мұның барлығы Солтүстік Қазақстанның жоғары инвестициялық тартымдылығын көрсетеді.

Инвестициялық форумда құрылыс саласына ерекше назар аударылды. 2021 жылдан бастап құрылыс жұмыстарының көлемі 67 пайызға артты. Бас жоспар бекітілді. Өңір заманауи коммерциялық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысына инвесторларды қабылдауға дайын.

Форум қорытындысы бойынша бірқатар компаниялармен келісімдер жасалды. Жалпы сомасы 128 миллиард теңге инвестицияны құрайтын 14 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.