
Биыл баспана салуға бюджеттен 18,4 млрд.тг бөлiндi. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Биыл 300 мың шаршы метр баспана берiледi. 12 мың өңiр тұрғыны жаңа қонысқа көшедi. 3 мың пәтер қолданысқа берiлсе, 625 отбасы — әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылғандар.
«Пәтерлердi беру тәртiбi ашық болу керек. Оған қоғам өкiлдерiн тарту қажет. Жуырда арнайы қосымшаны iске қосамыз. Оның арқасында кезекте тұрған азаматтар туралы ақпаратты көруге болады», — дедi Құмар Ақсақалов.