
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығындағы «Орман» және «Береке» шағын аудандарында екі нысанның құрылысы жүргізілуде.
Бүгін осы мәселеге қатысты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарма төрағасы
Мәулен Айманбетовпен кездесті. Жиын барысында жайлы мектептер салу жоспары талқыланды.
"Нысандар кестеге сәйкес салынуы керек. Мердігерлердің жұмысын қадағалап, құрылыс сапасын қадағалау маңызды", - деп атап өтті өңір басшысы.
Жаңа білім беру нысандары үш ауысымда оқытуды және орын тапшылығын жояды. Оқушыларға білім алуға және жан-жақты дамуына лайықты жағдай жасалады.