Ғауез Нұрмұхамбетов: "Қызылжар ауданына жаңа емхана салу қажет"

Ғауез Нұрмұхамбетов: "Қызылжар ауданына жаңа емхана салу қажет"

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөл ауылындағы Қызылжар аудандық ауруханасының жұмысымен танысты. Аурухана жанындағы емхана тәулігіне 200 адам қабылдай алады. Дегенмен, емхананың қазіргі аумағы жеткіліксіз болып тұр.

"Қызылжар ауданының өсіп келе жатқан халқына қызмет көрсете алатын жаңа ғимарат қажет. Ол үшін экономикалық есептерді жасауды тапсырдым. Олардың негізінде жаңа емхананың құрылысы туралы шешім қабылданады", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 38 медициналық нысан салынады. Қызылжар ауданында Большая Малышка, Пресновка, Асаново, Новокаменка, Пеньково, Белое, Налобино және Кондратовка ауылдарында 8 медициналық ұйым тұрғызылады.