
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Көктем-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынына қатысып, су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Бүгінде бұл мәселе ерекше бақылауда. Синоптиктердің болжауынша, келесі айдың соңында қардың белсенді еруі басталады. Осы кезеңде азаматтар мен олардың мүлкін қорғау басым бағыттардың бірі.
Жауапты ведомстволар мен қызметтер арасындағы сауатты өзара іс-қимылды құру маңызды. Жылдам әрекет ету және келісілген жұмыс үшін барлық қолда бар ресурстарды пайдалану қажет.
Сондай-ақ, СҚО әкімі облыс орталығының басшылығына қар тазалау жұмыстарын күшейтіп, су басу қаупі жоғары аймақтарға баса назар аударуды тапсырды.