
Жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік кадр резервіне келесі салалық бағыттар бойынша іріктеу жарияланады:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары.
Өңірлік резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
2) заңнаманы білуге тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау;
3) уәкілетті орган жүргізетін құзыреттерді бағалау;
4) комиссиядағы құрылымдық сұхбат;
5) комиссия отырысында өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау.
Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында кандидатты тіркеу арқылы onir.pkrezerv.kz онлайн-платформада жүзеге асырылады. Тіркелген кандидаттардың жеке кабинетіне кіру логин және пароль бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ құжаттарды мына мекенжай бойынша: Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сі, 38 жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне қолма-қол немесе opgs.sko@mail.ru электрондық поштаға беруге болады.
Құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық түрде берген кандидаттар да onir.pkrezerv.kz онлайн-платформасында тіркеледі құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей жүктейді.
Өңірлік резервке іріктеуге қатысуға жоғары білімі және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар (құжаттарды тапсыру сәтінде) 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
Іріктеуге қатысу үшін азаматтар келесі құжаттарды ұсынады (тіркеу кезінде жүктейді):
1) жеке куәлігінің не Қазақстан Республикасы төлқұжатының көшірмесі;
2) нысан бойынша өтініш;
3) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары құжаттарының көшірмелеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен осы құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес), кандидаттың соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған, нысан бойынша толтырылған қызметтік тізімі.
5) үміткердің түрлі-түсті фотосуреті.
Құжаттарды тапсыру кезінде кандидат Іріктеу қағидаларымен танысады және оларды қатаң сақтауға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісімін береді.
Іріктеуге қатысудан бас тарту және оның кез келген кезеңінен шығару үшін мыналар негіз болып табылады:
1) кандидаттың Іріктеу қағидаларын сақтамауы;
2) дұрыс емес ақпарат пен құжаттар ұсыну;
3) кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.
Іріктеудің әрбір кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижелерге жеткен кандидаттар өңірлік резервке іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі. Өңірлік резервке іріктеудің әрбір келесі кезеңіне жіберілетін кандидаттардың шекті санын комиссия әрбір кезеңнің нәтижелері негізінде айқындайды. Бірнеше кандидатта нәтижелер тең болған кезде іріктеудің келесі кезеңіне комиссия айқындаған саннан асатын кандидаттар саны жіберілуі мүмкін.
Өңірлік кадр резервіне алынған адамдар, сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда орналаса алады.
Қосымша ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, Өңірлік кадр резерві жобасының - onir.pkrezerv.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің - sko.onir.rezerv.kz (инстаграм) интернет-ресурстарынан, сондай-ақ мына телефондар арқылы:
8 (7152) 360135, 465808 алуға болады.