
Бес айдағы өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы оң қарқынға ие.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемi 2,5 процентке артты. Мал шаруашылығында өсiм ет өндiру және жаңа жетi сүт фермасының толықтай жұмыс iстеуiнiң арқасында қол жеткiзiлдi. Биыл тағы 10 заманауи ферманың құрылысы басталды.
Өнеркәсiп өндiрiсi 106,9 процентке өстi. Өңдеу өнеркәсiбiнде өсiм бар. Оның iшiнде машина жасау 40 процентке өсiп, тамақ өнiмiнiң (2,9 процентке) көлемi артты.
«ЗИКСТО» зауыты қайта жұмыс iстей бастады. Кәсiпорында 15 млрд. теңгенiң тапсырысы бар. Жыл басынан берi 5 млрд. теңгенiң өнiмi шығарылды. Зауыт тағы да 40 млрд. теңгеге 2 мың платформа жасауға дайын.
Инвестиция 14 процентке ұлғайды. Құрылыс жұмыстары 8 процентке өстi. Бұған жүзеге асып жатқан 560 инфрақұрылымдық жобаның арқасында қол жеткiзiлдi.
Тұрғын үй тапсыру 14,7 процентке көбейдi. Екi жылда облыс орталығында 32 көпқабатты үй пайдалануға берiледi. Ауылдарда биыл 800 үй салынады.
Жыл басынан 12 мың адам жұмысқа орналастырылды.