
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл, 38 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйде болды, оның тұрғындары құрылыс кезінде кеткен кемшіліктерге шағымдануда.
Бас мердігер міндеттемелерін орындамай, үйдің құрылысын аяқтауға басқа құрылыс компаниялары тартылған еді. Дегенмен, орындалған жұмыстардың сапасына қатысты сұрақтар әлі де бар.
"Үйді аралап шыққан соң қала басшылығына мердігерді анықтап, барлық кемшіліктерді жоюды тапсырдым. Пәтер иелерінің тілектерін ескеру маңызды. Кемшіліктерді түзету жұмыстары көктемде басталады, бұл мәселе менің бақылауымда", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.