
Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қызылжар Ақбастау» және «Алтын Арман» базарларында аудандардың қатысуымен өткен ауылшаруашылығы жәрмеңкесін аралады.
Сондай-ақ, өңір басшысы «Солтүстік» ӘКК тұрақтандыру қорының сауда нүктелеріне де барды, онда әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылады. Қазір тұрақтандыру қорында ұн, макарон өнімдері, күріш, күнбағыс майы, қант және көкөніс бағасын ұстау үшін жеткілікті көлемде өнім бар.
"Сонымен қатар, «Қызылжар Ақбастау» базары орналасқан ғимаратқа қатысты да сауалдар бар. Қазір «Солтүстік» ӘКК ғимаратына тиесі ғимараттың үшінші қабаты бос тұр. 2,6 мың шаршы метр бос аумақты тиімді пайдалану керек. «Солтүстік» ӘКК басшылығына осы мәселе бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырдым", — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.