СҚО әкімі Ербол Хамитовты әлем кубогының қола жүлдесімен құттықтады

СҚО әкімі Ербол Хамитовты әлем кубогының қола жүлдесімен құттықтады

"Солтүстікқазақстандық спортшы Ербол Хамитовты парабиатлоннан әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алуымен құттықтаймын. Әлем кубогының екінші кезеңі Италияда өтіп жатыр. Оған 18 елден 160 спортшы қатысуда. Біздің параатлет Ербол Хамитов өзінің спорттық жетістіктерімен жиі қуантады. Өткен жылы ол шаңғымен сырғанаудан әлем чемпионы атанды. Ерболға батылдығы, табандылығы және спорттағы жоғары жетістіктері үшін алғыс айтамын. Оған жаңа спорттық табыстар тілеймін!", — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.