СҚО әкімі жылу желісі зақымданған учаскеде болды

СҚО әкімі жылу желісі зақымданған учаскеде болды

"Облыс орталығында жылу желісінің зақымданған учаскесінде болдым. Жөндеу жұмыстарын шұғыл түрде аяқтауға  тапсырма бердім. Қазір  «Петропавл жылу желілері» ЖШС жөндеу бригадасы тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мамандар жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда", – деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.