
СҚО аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 25 ақпанға белгіленген ауылдық округтер әкімдерін сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізуге арналған семинар-кеңес өтті.
Бұл шараға өңірдегі аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Жиында сайлау кампаниясын өткізу барысындағы құқықтық және ұйымдастыру сұрақтары, дауыс беру процессіне қатысушыларды оқыту, сондай-ақ ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды.