СҚО мектептер, жатақхана мен спорткешеннің құрылысын тексерді

СҚО мектептер, жатақхана мен спорткешеннің құрылысын тексерді

Облыс орталығында бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізілуде. Бұл – «Орман» және «Береке» шағын аудандарындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы екі мектеп, университетке арналған студенттер жатақханасы, «Береке» шағын ауданындағы спорт кешені мен арнайы мектеп-интернаты.

Қаланы аралау кезінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аталған нысандардың құрылыс барысын тексерді. Өңір басшысы жауапты басшыларға құрылысқа қарқын қосып, еңбеккерлер санын көбейтіп, барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.