
Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комсиссиясында 2024 жылдағы сайлау науқандарына әзірлік барысын пысықтауға арналған семинар-кеңес өтті. Оған аудандық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан сайланған аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті. Комиссияның жаңадан тағайындалған төрағалары мен хатшыларын таныстырған облыстық сайлау комиссияясының төрағасы Асқар Сақыпкереев, олардың жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, СҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев жылдың қорытындыларына тоқталды. Былтыр, яғни 2023 жылы өңірде 2 рет ҚР Парламенті Сенаты , ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, пилоттық режимде 3 аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдері сайлауының 4 кампаниясы өтті. Асқар Жоламанұлының айтуынша, барлық сайлау науқандары заң талаптарына сай өткізілді.
Жиын барысында СҚО аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Евгений Мамыкин, комиссия хатшысы Светлана Копнина және комиссия мүшесі Нұрбек Әлібеков баяндама жасап, жұмыс барысында кездесетін мәселелерді шешу жолдарын талқылады.