
Солтүстік Қазақстан облысында 4 соғыс ардагері тұрады. Солардың бірі - Федор Васильевич Щеглов 9 қаңтарда 97 жасқа толды. Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің шаңырағына барып, туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Федор Васильевич әскери жолын 17 жасында бастады. 371-ші атқыштар дивизиясының қатарында бүкіл соғысты өтті. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етті.
"Аға ұрпақ сұрапыл соғыстың ең ауыр сынақтарын, соғыстан кейінгі кезеңнің қиындықтарын бастан өткерді. Батырларымыздың еңбек және өмір жолы, Отанға деген сүйіспеншілігі бәрімізге әрқашан үлгі болады. Бүгінгі ұрпақ ардагерлеріміздің ерліктерін мақтан тұтады және бас иеді", – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.