Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен жиналыс өтіп, оған басқарма басшылары, Петропавл әкімі және селекторлық режимде аудандардың әкімдері қатысты.
Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы, 2024 жылы мемлекеттік сатып алуларды өткізу және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қаражат бөлу туралы есеп берді.
Ғауез Нұрмұхамбетов қаржылық жылды жылдам бастау керектігін атап өтті. СҚО әкімі мемлекеттік органдардың басшыларына жобалық-сметалық құжаттамаларды дер кезінде әзірлеп, конкурстарды уақтылы және сапалы өткізіп, бюджеттің атқарылуын қатаң қадағалауды тапсырды.