СҚО басшысы Жамбыл ауданының жаңа әкімін таныстырды

СҚО басшысы Жамбыл ауданының жаңа әкімін таныстырды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, Жамбыл ауданының әкімі қызметіне Азамат Бауыржанұлы Бектасовтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл кандидатты қолдап, дауыс берді.  

Кейін аймақ басшысы Жамбыл ауданының активіне жаңа аудан әкімін таныстырды. СҚО әкімі Азамат  Бектасовқа аудан экономикасын одан әрі дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.