Әкімдік отырысы

Әкімдік отырысы

СҚО әкімдігінде өңірдің 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. 11 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тиісті ведомство басшыларына 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді және бюджеттің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.