Жаңартылған Ботаникалық бақ қайта ашылды

Жаңартылған Ботаникалық бақ қайта ашылды

Жаңғырту жұмыстарынан кейiн Ботаникалық бақ қайта жұмыс iстей бастады. Нысанды өңiр басшысы Құмар Ақсақалов аралап шықты.

Бақта жаңа фонтан, альпинариймен сарқырама, жас жұбайлар алаңы ашылды. Көптеген өсiмдiктер егiлiп, жаңа сәулеттiк формалар қойылды. Оған қоса, түнде бақтың iшiнде ерекше әдемi болмақ. Арнайы жарықтандыру жүйесiнiң арқасында кешке қыдырушылар көп әсер алады.