Ауылдарды кешендi түрде дамыту

Ауылдарды кешендi түрде дамыту

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс бабымен Қызылжар және М. Жұмабаев ауданында болды.

Асаново ауылында мектеп, жол, су желiлерi жөнделмек. Булаево қаласында жолдар жөнделiп, жарық шамдары қойылмақ. Жалпы, Жұмабаев ауданының жолдарын жөндеуге 2 млрд. тг. бөлiнбек.

Өңiр басшысы үлгiлi ауылдардың қатарына қосылатын Советское селосына да барды. Бұл ауылда биыл көшелердiң жолдары қалыпқа келiп, су тартылмақ. Футбол алаңқайы салынып, көшелерге жарық тартылады.