Солтүстікте Президент шыршасы өтті

Солтүстікте Президент шыршасы өтті

Бүгін оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы  Президентінің атынан жаңажылдық шырша өтті. Мерекеге облысымыздың түкпір-түкпірінен 200 бала жиналды. Жас солтүстікқазақстандықтарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, игі тілектерін жолдады.

Жаңажылдық мейрамға озат оқушылар, олимпиадалардың жүлдегерлері, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары, жетiмдер және мүгедек балалар қатысты. Шыршаның кiшкентай қонақтары жаңажылдық қойылымды тамашалап, Мемлекет басшысының атынан сыйлықтарға ие болды.