СҚО-да мұғалімдердің тапшылығы мәселесі толық шешілді

СҚО-да мұғалімдердің тапшылығы мәселесі толық шешілді

СҚО әкімдігінің отырысында оқу маусымының аяқталуы және Бірыңғай Ұлттық тестілеуге дайындық барысы пысықталды.

Биыл карантин уақытында оқушыларға 580 компьютер алынып, таратылды. Өңірде мұғалімдердің тапшылығы мәселесі толық шешілді. 3 жыл бұрын облыста 737 мұғалім жетіспесе, қазір бос орындар мүлдем қалмаған.

Өңір басшысы Бірыңғай Ұлттық тестілеуге кезінде балаларға қысым көрсетпеуді, әр қызметке өз міндеттерін дұрыс атқаруды тапсырды.