
"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадым. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпте жүзеге асып жатқан жобалар туралы ақпаратпен бөлісіп, әлеуметтік саланың дамуы, инфрақұрылымды жаңарту және жылыту маусымының өтуі туралы айттым", — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Президент СҚО әкіміне облысты одан әрі дамыту және халықтың өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.