Бүгін, 9-шы желтоқсанда әлемде Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтілуде. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Асхат Жақыпбековпен және құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге аталмыш күнге арналған салтанатты шараға қатысты.
Облыста сыбайлас жемқорлықты алдын алу жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. Жемқорлық тәуекелдерін азайту бағытында мемлекеттік органдар мен облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арасында тығыз қарым-қатынас жолға қойылды.
Соның арқасында жемқорлық құқық бұзушылықтары азаюда. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша СҚО бірнеше жылдан бері жемқорлық деңгейі төмен өңірлер қатарына еніп келеді.
Мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдары және БАҚ өкілдерімен өзара әрекет етуі де маңызды рөл атқарады. Өңір басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ерекше көзге түскен бірқатар солтүстікқазақстандықтарға алғыс хаттарды табыс етті.