Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Өңір басшысы Балуан (Шал ақын), Тахтоброд, Сокологоровка және Чистополье (Ғ. Мүсірепов) ауылдарының тұрғындарын және өкілдерін жер мәселесі бойынша қабылдады.
Сондай-ақ онлайн режимде «Тәуекел» ҚБ басшысы, блогер Бұрахан Дақанов қоныс аудару мәселесі бойынша өз ұсыныстарын айтып, оларды шешу жолдары талқыланды.