СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдік отырысы өтіп, онда облыстың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінің атқарылуы қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді, келесі жылға жоспарлы көрсеткіштерді әзірлеуді, жаңа инвесторларды іздеуді жандандыруды, инвестиция тарту жоспарын орындауды, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуді және бөлінген қаражатты толық игеруді тапсырды.