
"Бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз-мәслихатын өткізіп, БАҚ өкілдеріне өңірдің 10 айдағы даму қорытындылары туралы баяндадым. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптегі перспективалы жобалар туралы айтып, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланың дамуы да сөз қозғадым. Журналистердің өңірге қатысты қойған өзекті сұрақтарына жауап бердім", – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.