Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы сары май, қаймақ және қатты ірімшік шығаратын «Еurasian milk» сүт зауытының жұмысымен танысты. Айта кету керек, бұл облыстағы қатты ірімшік шығаратын жалғыз кәсіпорын.
Зауыт толық қуатына шыққанда жылына 2,5 мың тонна ірімшік өндіретін болады. Инвестиция көлемі – 13 млрд теңге.