СҚО әкімі коллектордың жөндеу жұмыстарын тексерді

СҚО әкімі коллектордың жөндеу жұмыстарын тексерді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жуков көшесінде ақау анықталған кәріз коллекторының жөндеу жұмыстарын тексерді. Бұл коллектордың тозығы жеткен, өйткені 67 жыл бұрын іске қосылған.

Коллектордың толық тоқтап қалу қаупін жою үшін төтенше жағдай режимін енгізіп, шұғыл жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

"Мамандар тексеру жүргізіп, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жұмыстарды уақтылы әрі сапалы орындауды тапсырдым", — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.