Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданында жұмыс бабымен болды. Аймақ ауылында «Memolux» серіктестігінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын қазір қоспажем зауыты, диірмен кешені мен астық қоймасын салуда. Жобаның құны - 6,8 млрд теңге. 50 жұмыс орны ашылады. Компания қойма сыйымдылығын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтып, 1 миллион тоннаға жуық астық пен өңделген өнімді экспорттауды жоспарлап отыр.
Бұдан кейін өңір басшысы Ильичевка ауылында су тарату желілерінің құрылысын тексерді. Майлы дақылдарды өңдеумен айналысатын «Тайынша Май» серіктестігінде болды.
Сондай-ақ СҚО әкімі Келлеровка ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қарап, аудан орталығындағы қазандықтың жұмысын тексерді.