СҚО әкімі полиция департаментінде болды

СҚО әкімі полиция департаментінде болды

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінің жұмысымен танысты. Облыс әкіміне тәртіп сақшыларының техникалық және материалдық жабдықталуы көрсетілді. Аймақ басшысы жедел басқару орталығында болды, онда құқықтық тәртіп пен өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылды. Сонымен қатар, Ғауез Нұрмұхамбетов полиция тарихына арналған  мұражайды да аралады.