
"Бүгін біздің «Қуаныш» волейбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. Финалда біздің волейболшылар Алматының командасын 3-1 есебімен ұтты. Біздің қыздар бұл жетістікке жету үшін көп еңбек етті. Бұл бүкіл команда мен бапкерлердің ортақ жеңісі. Спорт сүйер қауымды солтүстікқазақстандық волейболдың үлкен жетістігімен құттықтаймын. Жеңіс құтты болсын!, — деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.