СҚО әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

СҚО әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы Спорт сарайы мен Оқушылар сарайының қызметімен танысты.

Спорт сарайында 1,5 мың бала мен 400-ден астам ересек спорттың 12 түрі бойынша жаттығады. Спорт секцияларын аралау барысында Ғауез Нұрмұхамбетов жаттықтырушылармен және жас атлеттермен әңгімелесті.

Оқушылар сарайына қазір 3 мыңнан астам бала барады, олар 9 бағыт бойынша 103 үйірмеге қатысады. Облыс әкімі зертханалар мен үйірмелер кабинеттерін аралап, оқушылармен тілдесті.