СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Горький көшесiндегi үйлердi сүру жұмыстарымен танысты. 3 жылда 724 үй құлатылса, биыл тағы 283 үй сүрiлмек.
Өңiр басшысы салынып жатқан Дата-орталықтың да жұмысымен танысты. Бұл жоба ақпаратты сақтауға бағытталған. Үлкен серверлерда қазақстандық және әлемдiк компаниялар ақпаратты сақтай алады. Орталық ашылғанда инвестор Яндекс, Амазон, Гугл және Фейсбук сынды алпауыттарға серверлерiн беруге дайын.
Құмар Ақсақалов жаңа жарма зауытында болды. Зауыт тағамға пайдаланатын 12 өнiм түрiн шығарады. Оның 6-сы жергiлiктi өнiмнен. Iшiнде ең маңыздысы — қарақұмық.
«Былтыр қарақұмықты 1,8 мың гектар алқапқа ектiк. Биыл 5 мың гектарға жеткiземiз. Облысқа 4 мың тонна қажет. Бiз өңiрдегi сұранысты толық қамтамасыз ете аламыз», — дедi СҚО әкiмi.